Қор жобалар Қор жобалар

2003 жылдың мамыр айынан бастап, Қор мектептері мен балабақшаларының барлық асханалары «Фуд-экпресс ЛТД» ЖШС болып дербес құрылымдық бөлімшеге біріктірілген.

«Фуд-экпресс ЛТД» ЖШС

2003 жылдың мамыр айынан бастап, Қор мектептері мен балабақшаларының барлық асханалары «Фуд-экпресс ЛТД» ЖШС болып дербес құрылымдық бөлімшеге біріктірілген.

Қор мектептері мен балабақшаларындағы тамақтандырудың ерекшелігі тиімді тамақтану принциптерінің үйлесуі, қайталанбас ас мәзірін қолдану, халықаралық GlobalChieldNutritionFoundation ұйымының негізгі талаптарына, сондай-ақ WorldFoodProgramme саясаты мен принциптеріне сәйкес тамақ дайындаудың прогрессивтік технологияларын қолдану болып табылады.

Асханаларда өнімдер тамақ өнеркәсібі саласы стандарттарының ең жоғары талаптарына сай дайындалатынын айта кету керек. Өндірісте пайдаланылатын шикізаттар сертификатталған, МемСт және дайындаудың техникалық шарттарына сәйкестігін растайтын қажетті куәліктермен дәлелденген.

Азық-түлік шикізатын жеткізу, сақтау, өңдеу және дайын тамақты беру кезеңдерінде үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың қатаң сақталуына ерекше мән беріледі. Қор асханаларының мәзірінде әлемнің көптеген халықтарының тағамдары қарастырылып, классикалық және еркін рецептілер бойынша дайындалады, себебі халықаралық мектеп деген мәртебесіне лайық болуы тиіс.

Кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын теңгеріп, үйлестіру үшін технологиялық және ұйымдастыру қызметтерін басқару жүйесі жасалған. «Фуд-Экспресс ЛТД» әкімшілігінің лицейдің, мектептер мен балабақшалардың медициналық персоналымен, ата-аналар ассоциациясымен, студенттер кеңесімен тығыз байланысы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінің сапасын жақсартуға көмектеседі.

Сапа және маркетингті басқару бөлімдерінің ұйымдасқан жұмысының арқасында ЖШС-тің қызмет аясы үнемі кеңейіп отырады.