Қор жобалар Қор жобалар

Ақтау тренинг орталығы (АТО) 2007 жылдың жазында «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының, Маңғыстау облысы әкімшілігінің, Kvaerner Caspian Fabrication норвег өндірістік компаниясының және RKK норвег қорының (Рогаланд округінің білім беру және мамандықты арттыру орталығы, Норвегия) белсенді ынтымақтастығымен құрылды.

Ақтау тренинг орталығы

Жоба шеңберінде оқу-өндірістік ғимаратты қайта салу, сондай-ақ заманауи металл пісіру аспаптарымен және металл өңдеу құралдарымен жабдықтау қарастырылған. Норвег сарапшыларының қатысуымен заманауи мұнай-газ саласының талаптарына сай келетін оқыту бағдарламалары мен оқу материалдары дайындалды.

Орталықтың қызметі халықаралық талаптарға сәйкес мұнай-газ саласы үшін жұмысшы мамандарын дайындау және сертификаттауға бағытталған.  2009 жылы АТО үш мамандық: дәнекерлеуші-пісірушілер, металл конструкцияларын құрастырушылар және құбырларды құрастырушылар мамандақтары бойынша дайындау жұмысын бастады. 2011 жылы оқу орталығы халықаралық тұтынушылардың лайықты бағасына ие болды. 2012 жылы АТО Халықаралық дәнекерлеу институтының аудитынан өтіп, дәнекерлеушінің Халықаралық дипломын беру құқығы бар авторизацияланған оқу орталығы болды.

АТО жұмысшылар мен қызметкерлерді халықаралық стандарттар бойынша сертификаттауды енгізудің бастамашысы болды. Бұл жұмысқа мемлекеттік басқару органдары, жетекші ұлттық және  халықаралық мұнай-газ және сервистік компаниялар, оқу орындары қатысты. Емтиханды жақсы тапсырған орталық тыңдаушыларына мемлекеттік үлгідегі құжаттар мен халықаралық үлгідегі сертификаттар беріледі. Жобаның негізгі стратегиясы орталықтағы оқыту ісін Норвегияда дайындықтан өткен қазақстандық инструкторлардың жүргізуі болып табылады.