Қор жобалар Қор жобалар

Астана қаласында 2004 жылы 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналып тәрбие мен оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүретін «Мирас» балалар бақшасы ашылды. Балабақша ҚР МЖМБС-ты және ерте балалық шақ мәселесіне бағытталған халықаралық білім беру әдістемесін кіріктіру негізінде дайындалған бағдарламаларды жүзеге асырады.

Астана қаласындағы «Мирас» балабақшасы

Астана қаласында 2004 жылы 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналып тәрбие мен оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүретін «Мирас» балалар бақшасы ашылды. Балабақша ҚР МЖМБС-ты және ерте балалық шақ мәселесіне бағытталған халықаралық білім беру әдістемесін кіріктіру негізінде дайындалған бағдарламаларды жүзеге асырады. Әр баланың жан-жақты дамуы үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жағдайлар жасалған: екі бассейн, музыка және спорт залдары, сауықтыру кешені, жақсы жабдықталған кең оқу және демалыс бөлмелері, мамандандырылған балаларды дамыту орталықтары, заманауи ойын және спорт құрал-жабдықтары қойылған үлкен аула қарастырылған.

Балалар бақшасындағы педагогтар ата-аналармен тығыз байланыс жасап, балалардың шығармашылық белсенділігін дамытады және оларды мадақтай отырып, әрбір баланың өзін суретші, ақын ретінде сезінетіндей жағдаят туғызады, ұжымдық және жеке әрекет арқылы креативті ойлауға баулиды. Балалар бақшасында жоғарғы және бірінші категорияға аттестациядан өткен педагогтар жұмыс жасайды.