Жаңалықтар Астана қ. "Мирас" балабақшасы ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауда

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толу аясында Астана қ. «Мирас» балабақшасында әртүрлі іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, балалардың шығармашылық көрмесі, тақырыптық кіріктірілген іс-шаралары өз деңгейінде жоғары ұйымдастырылды. «Жаса мәңгі, Қазақстан» тақырыптық мереке барысында балалар Отанымыздың тарихы, мемлекеттік рәміздеріміз, Астананың әсем ғимараттары туралы айтып, еліміздің осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері жайында ой бөлісті. Тақырыптық мерекеде балалар ұлттық оркестрде ойнап, тақпақтар, ән айтып, би биледі, ойын ойнады. Тәуелсіз жас елдің ертеңі осы бүлдіршіндердің қолында. Асқақтай бер, Қазақстаным! Төл мерекеміз өзге де спорттық, викториналық іс-шаралармен жалғасын таппақ.