Жаңалықтар Алматыда «Гүлдене бер, туған жерім Қазақстан!» атты көрменің салтанатты жабылуы болып өтті.

Кеше 15 мамыр күні Алматыда ҚҚ «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» жобалары — «Мирас» балабақшасы, Алматы халықаралық мектебі, «Мирас» халықаралық мектебі және «Арыстан» мамандандырылған лицейі оқушыларының картиналарын сату қайырымдылық көрмесінің салтанатты жабылуы болып өтті. Көрмеге 2-ші сынып пен 11-ші сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Барлығы болып көрмеде 35 жұмыс ұсынылды. Олардың арасында — портреттер, пейзаждар, натюрморттар. Картиналардың құны 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін ауытқыды.

Балалардың шығармашылықтарын алматылықтар мамырдың 11-і мен 15-ші аралығында 5 күн бойы MEGA 2 сауда-ойын-сауық орталығында тамашалай алды. Қорытындылау күнінде Алматы халықаралық мектебі гүл жабыстыру бойынша шеберлік сабағын, және «Арыстан» мамандандырылған лицейі оқушыларының әзірлеуімен кішігірім концерт болып  өтті.

Көрмеде 23 картинаны сатудан түскен 275 000 теңге Қарағанды облысының Сарань қаласында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 мектеп-интернатының өнер студиясын жабдықтауға арналған «Аяла» қорының «АРТ-ТЕРАПИЯ» жобасына жұмсалады.