Жаңалықтар Астана қ. «Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриат Ұйымының бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP) бойынша бағалауынан өтті

Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» ҚҚ филиалы Астана қ. Халықаралық «Мирас» мектебінің жетістіктерінің бірін қуана хабарлаймыз. Қарашаның 11 мен 13 аралығында «Мирас» мектебіне Халықаралық Бакалавриат өкілдері бастауыш мектеп бағдарламасын (PYP) бағалау сапарымен келді. Бұл Халықаралық Бакалавриат ұйымы өкілдерінің 2007 ж. бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP) бойынша авторизациядан өткеннен кейінгі екінші ресми сапары.

Осы сапардың мақсаты мектепте енгізілген бастауыш мектеп бағдарламасының Халықаралық Бакалавриат Ұйымы ұстанымдарына сәйкестілігін бағалау болды. Үш күн бойы комиссия мүшелері түрлі сабақтарға қатысып, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және студенттермен кездесіп сұхбаттасты.

Халықаралық Бакалавриат басқармасы сапарының қорытындысы бойынша мектеп талаптарына сәйкестігін растайтын баяндама жасады. Барша мирастықтарды осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!