Жаңалықтар Астана күнімен!

Құрметті достар!

Баршаңызды елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Астана – Республиканың жүрегі мен інжуі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен жоспарларының жемісі. Астана – Қазақстанның үлкен қарқынмен дамып, түрленіп жатқан заманауи астанасы.

Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!