Жаңалықтар Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің басты заңы

Біздің біліміміз – Тәуелсіздік

      Біздің мақсатымыз – бейбітшілік пен өркендеу

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,

Ол — Қазақстан!

(Н.Ә.Назарбаев)

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Беру Қоры» Қоғамдық Қорының барлық мектептерінде алғашқы оқу күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттің басты заңы» атты тақырыптық сынып сағатынан басталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімің патриотымын» атты білім сабағымен жалғасты. Бұл іс-шараның басты мақсаты: балалардың бойындағы Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімін нығайту болды. Осы күні Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дамуы, азаматтық құндылықтар жүйесі Мәңгілік Ел идеялары, халықаралық қатынастарды нығайту жүйесі сынды тақырыптар талқыланды.

Студенттердің жастарына сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы дебаттар, келіссөздер, викториналар, ойындар сияқты сынып сағаттарын өткізу тәсілдері таңдалды. Балалардың республика рәміздері, атрибуттары мен көрнекі жерлері туралы білімін тексеруге арналған «Біздің үй — Қазақстан Республикасы», «Менің Қазақстаным», блиц-жарытсар, ән байқауы, «Полиглот» байқауы, Қазақстан Республикасының ұлттар мен ұлыстар атаулары «жасырынған» сөзжұмбақты шешу сынды түрлі тақырыптық конкурстар өткізілді

Іс-шара «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған кітап көрмесімен жалғасты.

Студенттер патриоттық тақырыпты талқылауға белсенді қатысып,  өздерінің азаматтық ұстанымын және тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлестерін білдірді.