Жаңалықтар Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде “Математик әйелдерге арналған Орталық Азия Ассоциациясының” алғашқы конферениясы болып өтті.

2016 жылдың 22-23 қыркүйек аралығында  Алматы қаласы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде “Математик әйелдерге арналған Орталық Азия Ассоциациясы” жаңа қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараны Алипова Бахыт STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) салалары бойынша математика ғылымымен айналысатын әйелдерге арнап ұйымдастырды. Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты халықаралық ауқымдағы ғылыми мамандандырылған әдебиеттерге қол жеткізуді, дарынды мектеп және университет студенттеріне арналған гранттар мен қолдауды, Орталық Азияда тренингтар өткізуді қамтамасыз ету.

Айти университеті ақпараттық технологиялардың негізі — математика саласына аса назар аударады. Сондықтан ХАТУ білім ордасының оқытушылары сабақ беруге тек жауапкершілікпен ғана қарап қоймай, сонымен қатар осы саланы дамытуда, танымал етуде көптеген жұмыстар атқарып жатыр.

«Бұл шара дәлдікті қажет ететін математика саласының дамуына және де нәзік жандылар арасында танымал болуына өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Себебі менің Еуропаға және Шығыс Азияға сапарымда қыздардың математика, физика немесе информатика сияқты пәндерге қызығушылықтарының төмендігін көрсетіп отыр. Дегенмен біздің оқу ордамызда жағдай мүлде басқаша: студенттердің тең жартысы қыздар десем қателеспеспін. Біз өз тәжірбиемізбен бөлісуіміз шарт. Біздің оқытушымыздың бастамасымен ашылған  Ассоциацияның алар асулары әлі алда!» -  деді ХАТУ ректоры Шыныбеков Д.А .