Жаңалықтар Франкофония Министрі Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебіне іссапары

Франция Республикасының Президентінің жеке өкілі министр Ямина Бенгиги ханым Қазақстан Республикасына іссапар жасау аясында 17-18 қыркүйек күндері Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде болды.

Кездесуде мектеп директоры, координатор, мұғалімдер және оқушылармен кездесіп, француз бөлімінің дамуы мен келешегі туралы сөз қозғалды. Ямина Бенгиги ханым оқушылардың оқуы туралы, білім беру бағдарламасы жайында қызықтап, құрметті қонақтардың естелік кітабына өз лебізін қалдырды.