Жаңалықтар Мирас-Атырау балабақшасы - бізге бір жыл!

                          

Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасы өзінің алғашығы бүлдіршіндерін дәл бір жыл бұрын қабылдады.

Қысқа мерзім ішінде балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қомақты  жұмыс атқарған. Бүгінгі күні «Мирас» — Атырау балабақшасы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің арасындағы көшбасшысы болып табылады. Өткен жылдан бастан ірі шетел компанияларының өкілдері, Атырау қаласы білім беру басқармасының басшылары мен басқа да мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ұстаздары балабақшамыздың жиі қонақтары әрі достары болып келеді.

30 қыркүйек Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мирастың аса жоғары мәртебелі қонағы болды.

8 қазан күні Chevron мен ЖШС «Теңізшевройл» басшылары, 19 наурыз Премьер-Министрдің орынбасары Сапарбаев Б.М., білім және ғылым Вице-министрі Иманғалиев Е.Н., денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Арғандықов Д.Р. мен Атырау облысы әкімі Измухамбетов Б.С. өңір бойынша іс сапар төңірегінде балабақшамыздың қонақтары болды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен әріптестер «Мирас» қызметкерлерінен жиі кәсіптік кеңестер сұрап, балабақшаның инновациялық қызметі, оқыту-тәрбиелеу ерекшеліктері, материалдық-техникалық және ресурстық қамсыздандырмасының барысы мен танысуға жиі келіп тұрады.

Осы жылы балабақша өзінің алғашқы түлектерін шығарды. Біз балабақшамызда түлектерімізге берген біліміміз олардың алдағы өмірде биік шыңдардан көрінуінің ірге тасын қалағанына нық сенеміз.