Жаңалықтар Мирас-Алматы мектебінде Соңғы Қоңырау!

                           

3 маусым күні сағ.8.15-де Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған Соңғы Қоңырау салтанаты рәсімі өткізіледі.

Міне, тағы да бір оқу жылы  өз мәресіне жетті. Оның тез зымырап өте шыққанын  балалар да, мұғалімдер де байқамай қалған сияқты.  Сабақтар, жобалар артта қалды, алда көңілді жазғы каникул күндері тосады.  Түлектердің алдында емтихандарды тапсыру, жоғары оқу орындарына түсу сияқты міндеттер күтіп тұр.
Мектеп түлектеріне емтихандарын жақсы тапсыруларына тілектеспіз!