Жаңалықтар Картиналарды сату қайырымдылық көрмесі

11-15 мамыр күндері аралығы MEGA 2 сауда-ойын-сауық орталығында ҚҚ «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» жобалары — «Мирас» балабақшасы, Алматы халықаралық мектебі, «Мирас» халықаралық мектебі және «Арыстан» мамандандырылған лицейі оқушыларының картиналарын сату қайырымдылық көрмесі болып өтеді. Көрмеден түскен барлық қаражат Қарағанды облысының Сарань қаласында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 мектеп-интернатының өнер студиясын жабдықтауға арналған «Аяла» қорының «АРТ-ТЕРАПИЯ» жобасына жұмсалады. Баршаңызды шараға белсенді қатысуға шақырамыз.