Жаңалықтар Біз музейдеміз!

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының ұйымдастыруымен  балаларды қорғау күніне арналған Алматы қаласында орналасқан халықаралық «Мирас» мектебі студенттерінің сурет көрмесі ашылды.

Қор мектептеріндегі білім беру процесі оқушылардың тұлғалық қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен көңіл бөлінуде.

Көрме Қазақ халық музыкалық аспаптар музейінде өтіп жатыр және 8 маусымға дейін созылады.

Мекен жайы: 28-ші панфиловшылар саябағы, Зенков көшесі 24А.