Жаңалықтар Балаларды қорғау күніне арналған жас бүлдіршіндердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі

2015 жылдың 1-ші маусымында Музыкалық аспаптар музейінің көрме залында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының ұйымдастыруымен ашылған көрмеде Алматы Халықаралық мектебі студенттерінің жұмыстары қатысады.  Көрме 8-ші маусымға дейін созылады.

Мекен жайы: 28-ші Панфиловшылар саябағы, Зенков көшесі 24а.