Жаңалықтар Атырау-Мирас балабақшасы Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлады

Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасында Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған фестиваль болып өтті. Үлкен топ тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге өлең айтып, би билеп, елімізді қоныстанған халықтардың дәстүрлері туралы сыр шертті.
Мереке жас бүлдіршіндердің түрлі ұлт өкілдеріне болған құрмет сезімі мен отанымызға болған патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған.