Жаңалықтар Астана қ. "Мирас" балабақшасында қуанышты апталықтар

Жайдары Жаз! Әрбір таңымыз көңілді де сергек  жаттығумен басталып, күні бойына жақсы көңіл-күй жарқын да, қызықты сәттер сыйлайды.

«Достық апталығы»  сабын көпіршіктері, әуе шарлары, асфальтқа сурет салу, доп ойынымен қызықты өтті;

«Су апталығы» бассейнде өткен «Көңілді сабантой» мерекесі, «Егер су болмаса», «Түрлі- түсті сулар», «Сиқырлы  с у» атты қызықты және танымдық тәжірибелер жасалып  балалардың есінде  калды. Балалар  ертегі кейіпкерлерімен бірге судағы тәртіп және суды дұрыс пайдалану ережелерін естеріне түсірді.

«Жануарлар апталығы » балаларды жануарлар туралыертегілер және балабақша ауласына жасалған  қысқы мерзімді саяхаттармен  қызықтырды.

«Топырақ апталығы » балаларға құм, саз,  таспен  тәжірибе жасау ұсынылды.

«Ойын мен қызықтар апталығы »  балаларды «Әлем халықтарының ойындары»  атты спорттық сауықтыру- шарасы арқылы ортаға жинады. Балалар қағаздардан ойынға арнап зырылдауықтар, құмнан жануарлармен қалашықтар жасап, әр бүлдіршінің түрлі- түсті бормен өзінің «сиқырлы әлемін» салуға мүмкіндіктері болды.