Жаңалықтар Астана қ. «Мирас» бөбекжай-бақшасында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өтті

Астана қаласындағы «Мирас» бөбекжай-бақшасында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өтті. Оларға өз балаларымен бірге болып, тәрбиеленушілерге жасалған жағдайды бақылауға, бірге дендерін сауықтырып бір күнді өткізулеріне мүмкіндік туды.
Аталған күнді жүргізу барысында күні бойына педагогтармен бірлесе шығармашылық,спорттық шаралар ұйымдастырылды: 5-6 жас тобында «Білім шыңы» зияткерлік байқауы, 2-3 жас топ ата-аналарымен «Ойын арқылы дамимыз» семинар-тренингі, 4-6 жас топтары ата-аналарымен бірлескен «Толағай» спорттық мерекесі.
Ата-ана мен педагогтың мақсаты ортақ, ол баланы түсіну, қабылдау, бірегейлігін ашуға тәрбиелеу. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін ата-ана балабақшадағы балаларының бір күндік өмірлерімен танысып, педагогтардың жұмысын көріп, бірлесе өздері де жұмыс жасады.