Жаңалықтар «Арыстан» мамандандырылған лицейінде «Бітірушілер күні» болып өтті

2016 ж.   8 маусымында   Алатаудың бөктерінде орналасқан «Арыстан» мамандандырылған лицейінде 11-сынып түлектерінің «Бітіруші  күніне» арналған мерекелік  іс-шара аталып өтті.

Іс-шараға  ҚР «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасының төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Р.Хайдаров, Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, «Нұрсұлтан Назарбаевтың  білім беру Қоры» директорының орынбасары Ғ.Н.Сыздықова, сондай-ақ  лицей түлектері білім алып жатқан мекемелерден арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Мерекелік шара салтанатты түзілімнен басталды. Бітіруші түлектерге аттестат пен лицейді бітіру белгісін тапсыру сәті өте әсерлі болды. Тік бұрышты ақ маталы эмблемада «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» деген жазулары бар Лицей Туымен қоштасып, оны келер жалғастырушы топқа табыстады. Соңында лицеистер мен лицей қонақтары дайындаған бітіруші түлектерге арналған плац-концерт көрсетілді.

Бұдан ары Лицейде бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына  2016 жылғы бітіруші түлектердің  уақыт капсуласының  2026 жылғы түлектерге орнатылымы жасалып, мерекелік іс-шара барысы Салтанатты кеш, бітірушілер мен олардың ата-аналарына арналған демалыс кешімен өз жалғасын тапты.

Аталған шара барысында тақырыптық театрландырылған қойылымдар мен музыкалық нөмерлер орындалды. Бітіруші түлектердің мерекесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Үрмелі оркестрі де қатысты. Дәл осы күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінде бүкіл әлем бойынша үш түлекке тұңғыш рет «Үздік лицеист» деген атақ берілді. Мұндай дәреже білім саласының тарихында бұрын-соңды мүлде болмаған екен. Осылайша «Арыстан» мамандандырылған лицейі биылғы түлектерін тағы да бір ерекше таң қалдырды. Лицеймен қоштасу күніне орай лицейге келген қонақтар мен ата-аналарға құттықтау сөздер берілді.        

Білім, тәртіп, тәрбиені басты ұстаным еткен «Арыстан» мамандандырылған лицейінен түлеп ұшқан жеткіншектер Қазақстанның беделін асқақтатып, еліміздің болашағы, жалғасы, ел қорғаны болады деп сенеміз.

Қадамдарыңыз сәтті болсын, 2015-2016 оқу жылының арыстандық түлектері!