Жаңалықтар Алматы қ. «Мирас» мектебінде жыл сайынғы Балабақша Ашық Есік Апталығы болып өтті.

                    

20-23 ақпан күндері аралығында Алматы қаласындағы халықаралық «МИРАС» мектебінде Балабақшаның Ашық Есік Апталығы болып өтті. Жыл сайынғы «Мирас» мектебінде болып тұратын методикалық апталықта осы жолы Алматы мен Атырау қалаларындағы «Мирас» балабақшаларының ұстаздары қатысты.

Методикалық апталықтың қатысушылары тәрбиеленушілердің оқыту үдерісін ұйымдастыру, тәртіптемелік уақыт кезеңдері, заттық-дамыту ортасының ерекшеліктерімен танысты.

Қонақтар тілді дамыту (ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша А), қазақ және ағылшын тілдері бойынша В, математика, қоршаған ортамен танысу, музыка, бейнелеу өнері, хореография, дене шынықтыру, логопедтік шұғылдану сияқты т.б. сабақтарға кіріп-шықты.

Алматы қ. «Мирас» мектебі балабақшасының координаторы Еленой Ладдран 3-4 және 4-5 жас аралығындағы топтарға арналған ортақ жоспарлау бойынша семинар өткізді.

Қонақтар Алматы қаласындағы «Мирас» мектебі басшылығына, координаторларына, тәрбиелеушілері мен мамандарына шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдірді.