Жаңалықтар Алматы қ. «Мирас» мектебінде Жаңа жылдық қайырымдылық фестивалі болып өтті

11 желтоқсан 2015 жылы «Мирас» мектебінде дәстүрлі Жаңа жылдық қайырымдылық фестивалі өтті, оның негізгі қонақтары- №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Біз барлық қонақтарымызды ғажап көңіл-күйге бөлеп, қуаныш сыйлай білгені үшін «Мирас» мектебінің студенттеріне алғыс айтамыз. Ал ең бастысы, мектептің әрбір студенті  қонақтарымыздың өміріне атсалысты, оларға өздерін бақытты сезінуіне әсер етті. Студенттік кеңес барлық қатысушы балаларға  «тәтті» сыйлықтар — кәмпиттер таратты. Сонымен қатар, тәрбиеленушілерге арнайы жиналған сыйлық-ойыншықтар Алматы қ. №1 балалар үйіне жіберілді.

 Таңертеңгі қайырымдылық фестивалінен кейін мектепте Жаңа Жыл алды   бал-маскарад өткізілді. Саналуан костюмдер және таңқаларлық маскалардың пішіндері көздің жауын алды. Бал-маскарад барлығына қатты ұнап, үлкен жетістіктерге жетті. Мұнда тек  әртүрлі музыкалық стильдерде билер ғана болған жоқ, сондай-ақ джаз бэнд (J Band) шақырылған еді. Барлық концерт үш тілде өтті, шараны шоумен Даниель Джонс жүргізді.