Жаңалықтар Алматы қаласындағы Халықаралық мектеп және Сэнт Джонс Британдық мектебі тәжірибе алмасу мақсатымен достық одақ құрды

Осы жылдың басында Алматы қаласындағы Халықаралық мектеп  және Сэнт Джонс Британдық мектебі тәжірибе алмасу мақсатымен достық одақ құрды. 30 қыркүйекте бастауыш сыныптар мұғалімі Либби Редстоун мектебіміздің жұмыстарымен танысуға, үйренуге және өзінің тәжірибесімен бөлісуге  біздің мектепке келді. Либби мұғалімдер тобына, сонымен бірге Бакалавриат бағдарламасын жетік меңгерген студенттерге жоғары баға берді.