Жаңалықтар MEGA ОСО-да Алматы-Мирас мектебі студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды

18 мамыр күні Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі өз студенттерінің шығармашылық жұмыстарын MEGA ОСО-да ұсынды.
Қор мектептеріндегі білім беру процесі оқушылардың тұлғалық қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасауға, қоршаған әлеммен өзара байланыста болу, өзін еркін тани және көрсете білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әр бір оқушының шығармашылық дамуына үлкен көңіл бөлінеді.