Жаңалықтар «Табиғат және адам» бірлестігі

Астана қ. «Мирас» балабақшасының тәрбиеленушілері табиғатқа мол қызығушылық танытуда. Балабақшада «Бақшамыз міне, сәбіз өсті…..» атты экологиялық кеңістік ұйымдастырылып, ондағы құбылыстар мен  нысаналар үнемі балалардың назарында.

Балабақшадағы жұмыстың барлық кезеңдерінің қатысушылары балалар. Көшеттерді жасау, топырақ қопсыту, барлық топ балалары тырнауышпен жерді тегістеп,тұқымдарды егіп, өскіншектерді отырғызды. Өсімдіктерді суарып, арам шөбін жұлып, суару да балалардың міндеті. Іс – әрекетпен бақылау қортындысы «Біздің бақша» күн тізбегінде белгіленіп, қортындыланады.Осындай шаралар әлеуметтік дағды, өмірлік тәжірибе жинап «Табиғат және адам» бірлестігін нығайтып,жас ұрпақтың  танымдық қызығушылығы мен  эстетикалық сезімдерін қалыптастырады.