Жаңалықтар «Самоменеджмент: постановка целей»

2015 жылдың 5-ші маусымында Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры ұйымдастыруымен Алматы қ. халықаралық «Мирас» мектебінде «Самоменеджмент: постановка целей» атты тақырыбына семинар-тренинг болып өтті.

Семинарға Білім қоры, Астана мен Алматы қалаларындағы «Мирас» мектептері, Алматы халықаралық мектебі, Астана, Алматы мен Атырау қалаларындағы «Мирас» балабақшалары, және Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Жаттықтырушы,  Шипулина Л.А. өз жұмысында үйретудің интерактивтік тәсілін қолданып, кішігірім топтармен жұмыс істеуді кезектестіріп,   жалпы талқылауға салып,  сұрақтарға жауап беріп, үлестіру материалдарымен жұмыс жасап, ролдік ойындарды да пайдаланды.

Бір күндік тренингтің қорытындысы бойынша семинар қатысушыларының тайм-менеджмент саласында, компанияның стартегялық мақсаттарын айқындау және және оған жету жолдары бойынша өз білім және дағдыларын жақсартуға мүмкіндіктері болды.