Жаңалықтар «Мирас Әлемі» - нұр мен қамқорлыққа толы мереке

14 қараша 2015 жылы «Мирас» халықаралық мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Мирас Әлемі» қайырымдылық фестивалі өтті.

«Мирас» мектебіне Алматы қаласының әртүрлі оқу орындары өкілдері қонаққа келді, олар: Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназия,  «Тамос», «Көкіл» мектептері, химиялық-биологиялық бағыттағы НЗМ (НИШ), № 92 мектеп,  Халықаралық Алматы мектебі, «Арыстан» лицейі, «Зерде» мектебі және т.б.

Фестивальде Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі студенттері мен оқытушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Бұл күні жұмыс істеген 13 бекетте келесі бағыттар бойынша шеберлік-сыныптары өткізілді: кескіндеме, мүсін, театралдық-декоративтік өнер, интерьер дизайны және графикалық дизайн, тоқыма, көркем суретті жазу, керамикамен жұмыс, ағаштар мен металдарды көркем өңдеу, иірілген жіптермен жұмыс. Қонақтар, сондай-ақ студенттеріміз әрбір бекет жұмысына қатысып, өздерінің шығармашылықтарын көрсетіп, тәжірибе алмаса алды, бірлесе отырып жаңа әрі ғажап туындылар жасай алды, өздерін алуан түрлі, санқырлы қазақ мәдениетінің бір бөлігі ретінде сезіне алды.