Жаңалықтар «Кәсіпқойлық – қуатты мемлекеттің кепілі»

21 қаңтар 2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Алматы халықаралық мектебінде жоғары сынып оқушылары үшін «Кәсіпқойлық – қуатты мемлекеттің кепілі» атты дөңгелек үстел болып отті.

Оқушылар өздерінің болашақ мамандық саласында зерттеулер жүргізіп, бүгінгі оқушыларға өз саласының қәсіпқойы болуы үшін қандай қасиеттерді дамыту керек екендігін айқындады. Олар Алматы халықаралық мектебінің Learner Profile (оқушы профилі) осындай қасиеттерді дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Баяндамалар түрлі презентациялар және бейне клиптермен қоса жүргізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанның болашағы туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Олар Елбасы Жолдауын қолдап, жаңа идеялар мен мемлекеттің бәсекеге қабілетті әрі дамыған имиджін қалыптастыру жастарға тікелей байланысты екенін атап өтті. Мектеп оқушыларының айтуынша гүлденген Қазақстанды қалыптастыру – барша қазақстандықтардың ортақ ісі. Әрқайсымыздың қол жеткізген биік белестеріміз, мақсаткерлік әрі шығармашылықпен атқарылған нақты іс-әрекеттеріміз — еліміздің болашағы үшін үлкен үлес болмақ.

 «Біздің болашағымыз — біздің қолымызда» — дөңгелек үстел қатысушыларды кездесуді осындай түйінмен аяқтады.