Жаңалықтар «Біз аяздан қорықпаймыз!» спорттық мерекесі

Бүгін Астана қаласындағы «Мирас» балабақшасында «Біз  аяздан қорықпаймыз!» атты спорттық мереке болып өтті. Күннің аязына қарамастан,  балалар Мыстан кемпір мен Умка ақ аю ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын  орындауға кірісті. Олар  қызықты эстафеталық ойындармен  бірге  хоккей ойнап, шанамен сырғанады. Мереке көңілді флэшмобпен аяқталды. Барлық  қатысушылар көңіл – күйлерін көтеріп сергеп қалды.