Жаңалықтар «Арыстан» мамандандырылған лицей үлгісінде әскери-патриоттық бағытта оқу мекемелерін құрудағы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті дамыту

2013 жылы 25 қыркүйекте «Арыстан» мамандандырылған лицейінде ««Арыстан» мамандандырылған лицей үлгісінде әскери-патриоттық бағытта оқу мекемелерін құрудағы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті дамыту» атты Республикалық семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар қатысушылары «Арыстан» мамандандырылған лицейінің басшысы запастағы генерал-майор С.Таулановтың және басқа да лицей басшыларының мекеме қызметіне арналған баяндамаларын тыңдады, ашық сабақтарға қатысып, лицеистердің өмірі және тұрмысымен, демалыс орталығының жұмысымен танысты.

«Лицей салт-дәстүрлерінің қалыптасуы, лицеистердің әскери қызметіне қызығушылығын қалыптастыруда лицей дәстүрінің қолданылуы» атты көрсетілім-сабағы семинардың басты іс-шараларының бірі болды.

Семинарға ҚР Білім және Ғылым Министрінің, Алматы облысы Білім беру Басқармасының, ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері және басқалары қатысты.