Жаңалықтар Қалалық семинар – тренинг «Балабақшадағы пәнаралық интеграция оқу процесін ұйымдастыруда біртұтас көзқарастың кепілі ретінде»


«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласы «Мирас» бөбекжай-бақшасында «Балабақшадағы пәнаралық интеграция оқу процесін ұйымдастыруда біртұтас көзқарастың кепілі ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингтің қатысушыларының алдында Астана қаласы мектепке дейінгі білім беру басқару бөлімінің бастығы Л.М.Разбекова алғашқы сөз кезегін алды.
«Мирас» бөбекжай-бақшасының директоры Б.Х.Каримова келген қонақтарға «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» туралы мәлімет беріп, оның миссиясымен, міндеттерімен таныстырды. Семинар-тренинг барысында секциялық отырыстар ұйымдастырылып, «Мирас» бөбекжай-бақшасының педагогтары қалалық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушілері семинар-тренингтің қонақтарын думанды, әуенді мерекемен қарсы алды.