Қор туралы Қор туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 1998 жылдың 15 желтоқсанында «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры құрылды. Қордың қызметі инновацияны біртіндеп кезең-кезеңмен игеруде айқын мақсат қою және оны жүзеге асыру құралдары мен жолдарын таңдауға бағытталған жобалау принципіне негізделген. Қордың Миссиясы – Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға қолдау көрсету.

Қордың даму перспективалары

Ұзақ мерзімдік перспективада Білім Қоры өз қызметін төмендегідей бағыттар бойынша жоспарлайды:

  • Қордың инновациялық білім беру ұйымдарының желісін кеңейту;
  • Қор филиалдарының білім беру инфрақұрылымдарын дамыту;
  • ҚР жоғары білім беру саласында инновациялық білім беру жобаларын дамытуға қолдау көрсету;
  • таяу және алыс шетелдердегі халықаралық мектептермен және университеттермен, халықаралық білім ұйымдарымен ынтымақтастық аясын кеңейту;
  • ҚР және ТМД елдерінің білім беру жүйесінде Қордың халықаралық мектептерінің іс-тәжірибесін тарату;
  • «Мирас» брендін алға жылжыту, Қордың және оның филиалдарының қызметін жарнамалау.