Қор туралы Қор туралы

Білім Қоры халықаралық ұйымдармен, Қазақстан Республикасындағы шетел өкілдіктерімен, мектептермен және университеттермен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Қордың халықаралық ынтымақтастығы

Білім Қоры халықаралық ұйымдармен, Қазақстан Республикасындағы шетел өкілдіктерімен, мектептермен және университеттермен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Халықаралық Бакалавриат (IB) ұйымымен көп жылдар бойына серіктестік қарым-қатынас орнаған. Алматы және Астана қалаларындағы «Мирас» мектептерінің Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасының 100-ден аса түлектері Америка, Канада, Англия, Швейцарияның, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің беделді университеттерінде оқуын сәтті жалғастырды. Қор мектептерінің 600-ден астам студенттері негізгі мектепті аяқтағаны туралы МУР Халықаралық сертификатына ие болды.

«Мирас» мектептері негізгі орта білім туралы халықаралық сертификат (IGCSE) алуға емтихан қабылдайтын Кембридж университетінің емтихан орталығы болып табылады, 98 түлек IGCSE сертификатын алды.

Қор мен «FNM» (Франция Білім министрлігі жанындағы Француз зиялылар миссиясы) арасындағы келісім-шарт аясында Астана қаласындағы «Мирас» мектебінің базасында француз секциясы ашылды, онда оқыту Францияның мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қор мектептерінің оқушылары халықаралық олимпиадаларда бірнеше рет жеңіске жетіп, интернационализмді шынайы қолдағаны, математиканы меңгерудегі табыстары және мектеп өміріне белсенді араласқаны үшін Халықаралық мектептердің Еуропалық кеңесінің (ECIS) және Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) марапаттарына ие болды.

Қор мектептері International Schools Services, Search Associates және CouncilofInternationalSchools ұйымдарымен халықаралық мұғалімдерді рекруттау мәселесі бойынша тығыз байланыс жасайды. 200-ден астам шетелдік сертификатталған педагогтар осы ұйымдардың көмегінің арқасында жұмысқа шақырылды.

Қор мектептерінің инновациялық қызметі әлемдік білім беру кеңістігінде сұранысқа ие халықаралық деңгейдегі педагогтар ұжымын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні олардың ішінде 30-дан астамы CIS/NEASC аккредитациялық комиссияның және IB авторизациялық комиссияның мүшесі, Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары бойынша емтихан алушы және модератор, IB семинарларының тренері, кеңесшісі және көшбасшысы, IGCSE емтихан алушысы болып табылады.

Білім Қоры ТМД елдерінің Халықаралық Бакалавриат мектептері Ассоциациясы Басқармасының тең құрылтайшысы және мүшесі болып табылады және Россия, Армения, Әзербайжан елдерінің халықаралық мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді.

Қор мен оның филиалдары Қазақстандағы әртүрлі мемлекеттердің (Россия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Корея, Малайзия, Қытай, т.б.) елшіліктерімен және (ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ҚР-дағы БҰҰ Өкілдігі, Британ Кеңесі, Education First, Accels және т.б.) халықаралық ұйымдармен тиімді қарым-қатынас орнатты. Осындай байланыстардың арқасында Қор филиалдары халықаралық білім жобаларына (студенттерді оқыту, тәжірибе алмасу, мұғалімдердің мамандығын көтеру және т.б.) белсенді қатысады.