СМИ о нас «Егемен Қазақстан»: Мемлекет басшысы Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасының жұмысымен та­нысты.

Мемлекет басшысы Атырау қаласындағы «Мирас» балабақшасының және осындағы «Ботақан» балалар тобындағы жас ұрпақ тәрбиелеу жұмысымен та­нысты. Елімізге алғаш инвести­ция құюға даңғыл жол салған «Шеврон» корпорациясымен бір­лесе құрылған «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаражатына салынған жаңа үлгідегі балабақшаның балалары 2 жастан қабылданады. Олар 6 жасқа дейін Монтессори бағдарламасына сәйкес және халықаралық Бакалавриат бастауыш мектебінің ықпалдасқан жүйесі негізінде жан-жақты тәрбие алады.

Сонымен бірге, балабақшаның жабдықталуынан үлгі алатын тұстар баршылық. Өйткені, бала­бақша музыка, спорт және би залдары мен ойын алаңдарына қоса, кітапханамен, қазақ мәде­ние­тінің орталығымен, қолдан­ба­лы өнердің, ағылшын және орыс тілдерінің халық­аралық стан­дартқа сай каби­неттерімен жаб­дықталған. Қазір бала­бақ­ша­ның 16 тобында 350 бала тәр­бие­ленеді. Сондай-ақ, 110 адам жұмыспен қамтылған.